Жол апатынан зақым алған БҚО,Тасқала ауданының тұрғыны мүгедектігін дәлелдей алмай жүр.Еңбекке жарамсыз әйел, құзырлы органдардың табалдырығын әбден тоздырған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алып, 5 мәрте ота жасатқан. Жұмысқа орналасуға денсаулығы жарамсыз. Келесі тақырыпқа назар аударсақ. 

Галина Бошенятова осыдан 1 жарым жылдан астам уақыт бұрын жол апатына түскен. Бұл аралықта иығына 5 мәрте ота жасалып, ақыр соңында еңбекке жарамсыз күйге түскен. Денсаулығы сыр берген азаматша мұндай халге дәрігерлердің қателігінен душар болғанын айтады.   

ГАЛИНА БОШЕНЯТОВА ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Облыс орталығы мен аудандық аурухананың ортасында жүрмін. Дәрігерлер тексеріп, ем тағайындайды. Одан денсаулығым жақсарып кеткен жоқ. Ота жасалған сол жақ иығым икемге келетін еді. Енді қайта қозғала алмай қалдым. Дене қызуым жиі көтеріледі. Шағымымды дәрігерлерге айтудан кенде емеспін. Портал арқылы Астанаға жолдама берілетінін айтып еді. Ол да аяқсыз қалды. Ота үстеліне қайта-қайта жату қиынға соғып тұр. Не жөнді жұмысым жоқ. Енді не істейтінімді білмеймін».

Галина 2022 жылдың соңында жол апатына тап болған. Ол кезде жәбірленуші құзырлы органдардың тергеп-тексеру жұмысына көңілі толмайтынын жеткізіп, шағым білдірген. Ендігі мәселе - мүгедектігін растайтын анықтама алу. 

ГАЛИНА БОШЕНЯТОВА ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жол апатына дейін әжептәуір жұмысым бар еді. Электр тарату мекемесінде қызмет жасадым. Денсаулығыма байланысты бір жылдан астам еңбек демалысында болдым. Күні кеше өз еркіммен жұмыстан шықтым. Бұған дейінгі медициналық тексеріс қорытындысы жеңіл жұмыс жасауға қабілетті деген шешім шығарып келеді. Жағдайым ескерілу керек қой. Мүгедектігімді растайтын анықтама алу туралы мәселе шешілсе, күн көрісім де жақсарар еді». 

Мәселенің мәнін түсіну үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің мамандарына жүгіндік. Сала өкілдерінің айтуынша, Галина Бошенятоваға мүгедектік тағайындау өтініші өткен жылдың 29-шы наурызында қаралған. Ол кезде тұрғылықты мекенжайы бойынша берілетін №031-ші жолдамада «жарақаттың асқыну белгілері» болмауына байланысты дәрігерлік-консультациялық комиссия өтінішті қанағаттандырмаған. 

АРДАҚ МҰҚАНОВА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Департамент өкілі Галинаның қазіргі денсаулық жағдайын ескеріп, құжаттарды жаңартып, қайта медициналық тексерістен өтуге кеңес береді.