"

Шекаралық аймақта орналасқан 1 ғасырлық тарихы бар Жазиралы Жаркент өңірінде 41 елдімекен бар. Әртүрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен өңірдің 69 пайызын қазақ ағайындар,39 мыңдай ұйғыр халқы сонымен қатар орыс,дүнгендер құрайды. Береке -бірлікте өмір кешіп жатқан аймақта білім беру,денсаулық сақтау,мәдениет,спорт салаларында бірқатар атқарылып жатқан шаруалар жеткілікті.Толығырақ тілшіміз тарқатып берсе.

Білім беру саласы бойынша аймақта 50 мектеп бар.12 мемлекеттік 49 жекеменшік балабақша жұмыс істеп тұр. Мәселен Жаскент округінің Головацкий ауылында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін сенімгерлікпен басқаруға берілген нысанмен танысуға бардық. 200 орынға арналған балабақша жақында пайдалануға берілмек.Бұдан бөлек, Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында 1200 орындық мектептің құрылысы басталған.

ӘСЕТ ТҰРСЫНОВ ҚҰРЫЛЫС БАСШЫСЫ: «Құрылыс қыркүйек айында басталды. Қазіргі таңда жер жұмыстары жүз пайыз біткен. Мектептің аяқталу уақыты келер жылдың қыркүйек айы. Жалпы үш мектептен тұрады. Бір үлкен спорт залы және кіші спорт залы бар балаларға арналған. Футбол алаңы бар».

Облыстағы ең үлкен жеміс-жидек сақтау қоймасы Жаркентте салынған. 1000 тонналық  қоймада алма,қызанақ,қызыл бұрыш сынды жеміс түрлері бар. Кәзіргі күні 6 мың тонналық қосымша қойманың құрылысы жүргізіліп жатыр.

МАРАТ САҒЫМБЕК  ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:«Өздеріңіз білесіздер Панфилов ауданы ауыл шаруашылық елді мекен. Негізінен бізде жүгерімен айналысады. Тек қана сақтау емес ары қарай оны өңдеу, өндіру бойынша сок жасау басқа өнімдер өндіру бойынша цехтың құрылыс жұмысы басталғалы жатыр».

Өңірде мемлекеттік-жеке әріптестік арқылы балабақша, спорт кешендерін салу қарқын алған. Нұрбақыт Теңізбаевтай олимпиада жүлдегері шыққан ауданда спортқа деген жастардың қызығушылығы жоғары. Дарабоз спорт кешені,Үлкен Шыған ауылындағы 90 орындық,Пиджим ауылындағы 100 орынға арналған спорттық кешендерінің бой көтеруі соның дәлелі.

“Қорғас-шығыс қақпасы” арнайы экономикалық аймағы, “Алтынкөл” теміржол бекеті, “Нұр жол” автомобиль өткізу пункті сияқты республикалық маңызы бар жобалар ауданның әл ауқаты үшін, жергілікті халық үшін қосымша жұмыс көзі және салықтық түсімдер береді. Болашақта өнеркәсіптік қала салу жоспарланған.

МҰРАТ БАЙМҰХАНБЕТОВ «ҚОРҒАС-ШЫҒЫС ҚАҚПАСЫ» АЭА БҚ АҚ ТӨРАҒАСЫ, БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Кәзір енді жұмыстар басталды. Оны біз 2019 жылы бастағанбыз. Бірақ ковид мәселесімен жұмыстар тұрып қалды. Қазір енді үш жылдан соң жандандырып жатырмыз».

Жүгері дақылын өсірумен танымал аймақта түрлі өнім алатын ірі Жаркент крахмал-сірне зауыты жұмыс істеп тұр. Мұнда жүгеріден  20-ға жуық өнім алынады. Оның қасында 400 адамды жұмыспен қамтитын полипропиленнен қап шығаратын “Универсал” кәсіпорны бар.

Аудан әкімі Марат Сағымбек тілшілермен бірге нысандарды өзі аралап, ақпарат беріп отырды. Осы өңірдің тумасы, елдің ішінен шыққан азаматқа үміт артып отырған жұрт көп. Халықтың тұрмыс тіршілігінен,әл ауқатынан әкім толықтай хабардар,түбегейлі бақылауында.