СҚО Тимирязев ауданының мехбригадалары Заречный кентіндегі су тасқынынан зардап шеккен 9 үйді қалпына келтірді. Енді 2 баспанаға жөндеу жұмыстары жасалынбақ.
Ел ішінде болған апатты жағдайдан кейін зардап шеккендердің баспаналары біртіндеп жөнделуде. Баспанасын қайта қалыпқа келтіргендердің бірі - Светлана Белая. Баз қалыпқа түсіруге 6 млн теңге жұмсалынған.
СВЕТЛАНА БЕЛАЯ СҚО ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: «Атқарылған жұмысқа ризамын. Қабырғалары кепкеннен кейін, түсқағаздарды жапсырамыз. Қалғанының барлығы ойдағыдай. Линолеумді алып, жаңасын төседік. Терезені де алып тастауға тура келді».
Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар 49 үйдің қалпына келуіне ат салысқан.
ҚАНАТ ИМАНЖАНОВ СҚО ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл нысандарға комиссия мүшелері кеш келді. Өйткені бұл үйлердің тұрғындары бірнеше техникалық бақылау жүргізді. Қазіргі уақытта бізде 5 бригада жұмыс істеді. Барлығы 21 адам».
Қорытынды шешім бойынша 18 үй апатты саналып, 17-сі толық бұзылды.