"
"Бүгін Алматы қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының өкілдері зейнетақыны қалай дұрыс рәсімдеу керектігін және бұл үшін қандай құжаттар қажет екенін айтты.Зейнетке шығуға алдын ала дайындалу қажет. ХҚКО-на құжаттардың түпнұсқаларын ұсынып, зейнетақы аударымдарының бар-жоғын мұқият тексеріп, тиімді нұсқаларды есептеу қажет. Сонымен қатар, құжаттарды туған күнінен 10 күн бұрын тапсыру керек. Егер, қандай да бір құжат болмаса, мысалы, еңбек кітапшасы болса, ұйымнан мұрағат анықтамасын ұсынуға болады. Басқа жағдайда сотқа жүгініп, судьяның шешімін ұсыну қажет.
Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау 2001 жылғы 1 шілдеден бастап - 63 жасқа толған ер адамдарға, 58 жасқа толған әйелдерге жүргізіледі.
НАЙЛА МҰХАМЕТҚАЛИЕВА ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ІС МАКЕТТЕРІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Тұрғылықты жері бойынша ХҚКО филиалдарына жүгінген кезде өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет:- жеке басын куәландыратын құжат.Еңбек кітапшасы (немесе мұрағат мекемелерінің анықтамалары).Білімі туралы құжат,әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы.Неке туралы куәлік (тегі өзгерген кезде).Балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе - азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және басқалар».
Сонымен қатар, Алматы қаласында жыл басталғалы жеті ай ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемі бойынша 4280 өтінім берілген. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша 4871. Портал арқылы өтінім бергендер саны – 18. Халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша 4853 сұраныс түскен.