Канзас-Ситиде атыс болып, бір адам қаза тапты. Оған қоса 20-дан астам адам жарақат алған бұл оқиға жергілікті Канзас-Сити Чифс командасының жеңісін шерумен тойлап жатқан уақытта орын алған.
Ұлттық футбол лигасының финалы американдық футболдағы басты оқиға және Құрама Штаттардағы мемлекеттік мереке.Полицияның хабарлауынша, атыс Юнион вокзалында болған. Бұл кезде парад аяқталуға жақын қалып, команда вокзалға қарай бет алған. Тоғыз адам оқ жарақатын алды,ал зардап шеккендердің 11-і алты мен 15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Атыс кезінде ойыншылар мен жаттықтырушылар зардап шекпеген.
ЛИЗА МОНИ КУӘГЕР: «Хаос биі басталғаны есімде. Жасырыныңдар,тығылыңдар деген дауыс естідім. Мен біреу әзілдеп жатыр деп ойладым. Бірақ арнайы жасақтардың қоршаудан секіргенін көріп әзіл емес екенін түсіндім».
Полицейлер үш күдіктіні ұстады. Олардың не себепті мұндай қадамға барғаны анықталуда. Шабуыл жасаушылардың нақты саны да белгісіз.
ЛИЗА МОНИ КУӘГЕР: «Адамдар неге ақымақтық әрекетке барады? Бұл, қала мен оның барлық тұрғындары үшін мереке емес пе. Бір есуас келіп барлығының көңіл күйінің тас талқанын шығарады».
Финал 11 ақпанда Невада штатының Парадайс қаласында өтті. Канзас-Сити Чифс Сан-Франциско командасын қабылдаған болатын. 72 мың көрерменнің алдында жеңіске жеткен еді.