Алматы облысы Кеген ауданында барлығы 775 шақырым жол бар. Оның 288 шақырымы ауыл ішкі жолдары. Биыл орташа жөндеу жұмыстарына 1млрд 693млн теңге бөлінді.

Алматы облысының Кеген ауданындағы 14 ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі – Ұзынбұлақ елді мекені. Мұнда 14 көшеге асфальт төселді. 

ЖАСҰЛАН КӘДІЛ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ « Қазіргі уақытта Ұзынбұлақ ауылында жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Келісім шарт сомасы 697млн теңге.Бұл обьект өтпелі кезеңмен 2025жылы аяқталады деген жоспар бар. 

Ауылдағы жаяу жүргінші жолдарына асфальт жабындысын салу, арық желісін тарту және қиыршық құм тас төсеу жұмыстары жалғасып жатыр.

БЕРІК ШОРТАНОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ « Бұрын бізде бардюр, су ағатын арықтар болмаған еді. Биыл ауылға көңіл бөлініп асфальт салынып жатыр.2018 жылы мектебіміз жөнделді.2020 жылы ауылда мәдениет үйі ремонтталды. Ауылымыз көше жарықтарымен жабдықталды. Ауыл тұрғындары дән риза.

 Келесі жылы Көлсай көлдеріне апаратын «Көкпек - Кеген - Түп – Жалағаш – Саты – Күрметі» автомобиль жолының 3-21 шақырымы аралығын жөндеу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Кеген мен Райымбек ауданының аумағында ұзындығы 300 шақырымдай республикалық маңызға ие тас жол бар. Соңғы бес жылда соның үштен бір бөлігі күрделі және орташа жөндеуден өтті.