Кезекті демалысқа шыққан депуаттар халықтың әлеуметтік жағдайымен қордаланған мәселелерді көзімен көріп,құлағымен естуге кірісіп кетті.Бүгін бір топ халық қалаулылары Алматы облысына қарасты Қарасай ауданына келді.
Халық қалаулыларының өңірлерді аралауды бастап кеткен жұмыстарының мақсаты, өңір тұрғындарының арыз-шағымдарына назар аудару болып табылады.Соның бірі жол сапасы. Айтулы жағдайдың жәй-күйін анықтау үшін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығына» ат басын бұрды. Сала мамандары атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерін баяндап берді. «Жол азабын жүрген біледі»,бүгінде тұрғындар мен көлік жүргізушілердің көңілдері күпті. Өйткені, Республикалық,облыстық жолдардың уақытына жетпей тоз-тозы шығуда.Бұдан бөлек, көлік қозғалысын реттеу үшін кедергі болып отырған тағы бір маңызды жағдай бар.
ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Ұлттық сапа орталығының мамандары жол сапасын анықтау мақсатында мынадай жылжымалы зертхана көлігімен тексеріп отырады.
ДАРХАН СИБАТОВ «ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕП ИНЖЕНЕРІ
ОЛЖАС УӘЛИ ЖУРНАЛИСТ
Айтулы мәселені депутаттар да жақсы білетін болып шықты.Себебі аймақ тұрғындарының тарапынан арыз-шағымдар қарша борайды екен. Көлік жүргізушілерін діңкелеткен жағдайды реттеудің амалын қарастыруда.Жергілікті азаматтардың кептелісте сағаттап тұруы, аспалы айналма жолдардың болмауы. Жоба да бар болғанымен,әлі жүзеге аспай отырғаны көпшіліктің наразылығын тудырып отыр.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Осыдан кейін депутаттар Алматы-Астана жолының Шамалған бекетіндегі темір жолын айналу өткелінің құрылыс жұмыстарымен танысты.Тоғыз жолдың торабы болған бұл жерде қауыр тірліктер атқарылып жатыр. Жауапты мамандар белгіленген межеде,кестеге сәйкес құрылыс шараларын аяқтаймыз деп отыр.