Келесі жылы ақпан айынан бастап еліміздегі 18 жасқа толған барлық бала Ұлттық қордан ақша шеше алады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық қор-балаларға» заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты. Айта кетейік, елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны шамамен 7 миллион адамды құрайды. Бірақ, бұл көрсеткіш келесі жылдың ақпанына дейін өзгереді.
ДӘУРЕН ТЕМІРБЕКОВ ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Ешқайда барудың қажет жоқ. Тиісті шоттар автоматты түрді БЖЗҚ ашылатын болады. 18 жасқа толғаннан кейін ол үшін кәмелетке толған балалар арнайы шотты уәкілетті операторларда ашуы керек. Электронды портал желісінде тиісті өтінім береді. Сол өтінім арқылы БЖЗҚ арнайы шотына аударылатын болады. 18 жасқа дейін автоматты түрде жіберіледі»
Ұлттық қордан балаларға берілетін бұл қаражат тек екі мақсатта жұмсалады: бірі –білім алуға, екіншісі тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған.