Әлеуметтік желілер, онлайн сауда дамыған сайын, киберқауіпсіздік мәселесі де күн тәртібінен түспей отыр.Елімізде 140 мыңнан астм веб сайт тіркелген. Ал интернет қолданушыларының саны соңғы 10 жылда 80 пайызға жетті. Қазақстанда көбіне банктегі есеп-шоттар, жеке мәліметтер хакерлердің шабуыл нысанына айналады. Ақырында алаяқтардың құрығына іліккен қарапайым халық сан соғып қалады.Осыған орай Ақпараттық қауіпсіздік саласын дамыту мақсатында бірқатар заңнамалық, салалық ведомстволық актілер күшіне енді.
РУСЛАН ӘБДІҚАЛЫҚОВ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Біз жеке деректерді қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды өткен жылдың желтоқсан айында ғана алдық және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салдық.Бүгінде ел азаматтарының жеке басын куәландыратын қағаз көшірмелерін жинауға заңмен тыйым салынған және бұл үшін айыппұлдар қарастырылған.Жеке деректері таралып, банк несиелерін алудан ерікті түрде бас тарту несиені тоқтату функциясы арқылы жүргізіледі.Осы платформаның Egov мобильді қосымшасы арқылы электронды үкімет порталы осы функцияны белсенді пайдалануға шақырамын.Ақпарат электронды үкімет порталының жеке кабинетінде орналасқан және әрбір азамат күн сайын порталға кіріп, өзінің жеке деректерімен не болып жатқанын көре алады».
Ақпараттық шабуылдың маңыздылығын түсінген мекемелер қорғанудың түрлі тәсілдерін қолдану аясын күшейтуге бет бұрды.Осы мақсатта Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы іске қосылып отыр.