Көкшетау қаласындағы көпқабатты үйдің кәріз құбыры жарылып,ауласына қолқаны қабатын су жайылып кеткен.Жұмағали Саин көшесі бойында орналасқан үйдің тұрғындары мәселені көтеріп дабыл қақты.
Құбырлардың тозығы жеткендіктен,бұл жағдай тұрғындардың әбден зықысын шығарған. Толығымен жаңарту жұмысын қолға алмаса мәселе түбегейлі шешілмейді дейді тұрғындар.
ВЕРА ЛОЩИНА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:«Бір апта бұрын бұл жерде иіс барын байқадым. Кейін құбырдың жарылғанын білдік. Әрине, жарылады. Өйткені, ешқандай жөндеу жұмысы жүргізілмейді. Осы үйде 5 жылға жуық тұрамын. Бес жылдың ішінде бір рет болсын құбыр ауыстырылғанын көргем жоқ. Сондықтан, жамай бергеннен пайда жоқ».
"Көкшетау Су арнасы" мекемесінің мамандары келеңсіздіктің туындауына тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Өйткені, пәтер иелері қатты қалдықтарды тастайды, содан барып, құбыр толып қалады дейді жауапты мекеме мамандары.
ГҮЛБАХРАМ АНИЕВА «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» МЕКЕМЕСІ КӘРІЗ УЧАСКЕСІНІҢ ШЕБЕРІ: «7-ші наурыз күні Саин 30 а мекенжайына заявка келіп түсті. Сол күні келдік. Ол күні доступ колодцам болмады. Сол себепті істей алмадық. 8 күні тағы да машина жібердік. Ол күні аулада тұрғындардың машиналары толып тұрды. Сондықтан да бұл істелінбей қалған заявка. Дер кезінде келіп жасамағасын осылай болды. Сондықтан осылай су ағып кетті. Тұрғындардың канализациямен дұрыстап қолданса дейміз. Оның ішіне бізде әр түрлі заттар шығады. Сол бізге кедергі келтіреді».
Осылайша өтініш айтқан екі тараптың да өтініштері орындалады деген ойдамыз. Бүгін шаралар атқарылып,тұрғындардың мазасын алған мәселе қалыпқа келді.