Көкшетау қаласындағы әскери бөлімнен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген 47 сарбаздың жағдайы бірқалыпты. Бір сарбаз әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Дене қызуы көтеріліп, бас айналу, жүрек айну, әлсіздік белгілерімен азаматтардың алғашқы легі емдеу орнына осыдан бірнеше күн бұрын түскен болатын. Кеше олардың саны 45-ке жеткен. Ал бүгін түнде тағы үш сарбаз аурухана төсегіне таңылды. Айта кетейік, науқастардың бесеуінен менингококк бактериясы табылса, кейбірінен энтеровирус анықталды.
СӘКЕН ҚАЛЫМЖАНОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Жансақтау бөлімінде жатқан сарбаз жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Оның жағдайы туралы айту әлі ерте. Өте ауыр жағдайда түсті. Бір сәтке жүрегі тоқтап қалды.Біз қолымыздан келгеннің барлығын істеп, аман алып қалдық».
Көкшетауда әскери бөлімнен ауруханаға жеткізілген 47 сарбаздың жағдайы бірқалыпты
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364