Маңғыстауда балық шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасалмаған. Бұл кәсіппен айналысатындар - ауланған балықты тапсыратын орынның жоқтығын алға тартады.
Ширек ғасырдан астам уақыттан бері нәпақасын осы кәсіптен тауып жүрген Мир Жолдыбаевтың ресми балықшы деген құжаты бар. Бір жылда үкіметтен екі бөліп берілетін лицензиядағы лимит аздық етеді деген ол,бірінші кезекте соны көбейтіп берсе екен, - дейді.
МИР ЖОЛДЫБАЕВ БАЛЫҚШЫ:«Бірінші берілетін лицензияны 4 айға береді. Сол 4 айға бір бригадаға бергені 1 тонна кифаль. Мен жаңа айттым ғой, күніне 1 тонна аулауға болады. Бірақ оны аулай алмаймыз. Себебі сақтайтын жеріміз жоқ. Солай енді, біз күніге 200-300 келі аулаймызда болды, қайтамыз. Артық салатын жеріміз жоқ. Проблемамыз сол. Бізге жағадан морозильник, холодильник салса, мен енді өңдейтін зауыт айтып тұрғаным жоқ. Әуелі қабылдайтынын жасап алсын. Содан кейін балықшылардың барлығы өздері үшін соған тапсырады».
Балықшылардың мәселесі тек рұқсат құжатындағы лимит емес, ауланған балықты тапсыратын орынның жоқтығыда қынжылтады екен. Амалсыздан осындай шағын жерге 300 келі өнім сиятын мұздатқышта сақтайды екен. Ал ол, кәсіпті дөңгелетуге көп кедергі,- дейді балықшы.
Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Мулдашевтың айтуынша, Түпқараған ауданы Аташ елдімекенінде жалғыз балық қабылдау пункті бар. Алайда басқа кәсіпкердің шаруасына араласа алмайтынын алға тартты. Ал балық аулау лимиті арнайы мамандардың теңіздегі биоресурстарды зерттеу нәтижесіне сәйкес беріледі деді.
АРМАН МОЛДАШЕВ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Балықшылардың айтуы “бізде қабылдау пункті жоқ” дейді. Иә, мына жерден елдімекен айналасында қабылдау пунктері бар. Алшақ елдімекендерден тыс жерлерде балық қабылдау пунктін ашып орнату ол мына субъектілерге шығын болып тұр. Себебі кәсіпкер салқындатқыш, тоңазытқышын қою керек, өзінің шығындары бар. Ол жерде қаншалықты балықшылар балықтарын әкеліп тапсырады деген сұрақ бар. Ол жерде де субъектілердің мүмкіндігін қараумыз керек. Егерде субъектілерді міндеттеп, қабалдауды ұйымдастырсақ, нарықта балықтың бағасы өсіп кету мүмкін. Себебі олар өздерінің шығындарын есептеп кетеді.
Басқарма басшысы балықшылардың уәжін назардан тыс қалдырмай, әр ауданға барып олармен кездесуді жоспарлап қойыпты. Аталмыш проблемаларды сол жерде де тағы бір пысықтап алатынын жеткізді.