Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданына қарасты Арай тұрғын үй массивіндегі жолдың жыры әлі күнге дейін жалғасып келеді. Жауапкершілікті мойнына алған мердігер мекеме жұмысын желтоқсан айында аяқтауға тиіс болған. Ауа-райының қолайсыздығы себепті жұмыстар уақытша тоқтап тұр,-дейді жауаптылар.
Арай тұрғын үй массивіндегі көшеге асфальт төсеу жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталыпты. Мердігер мекеме тек жерді тегістеп, құм төсеумен тоқтаған. Жауған қар еріп жол балшыққа айналған. Тұрғындар болса құр уәдеден шаршаған.
ҚАСЫМ ІГДІРБАЕВ ТҰРҒЫН: «Трактормен сүреді де қояды. Астфальт төсейміз деп жылда айтып келеді. Асфальт та жоқ, ештеңе де жоқ. Акимат келеді, жасаймыз дейді, кетеді. Құр сөздері қала береді. Жаңбыр жауса, машина жүре алмай қалады адам түгіл».
ТӘТТІГҮЛ БАСПАҚОВА ТҰРҒЫН: «Өте баяу жасады. Күннің жылысында, құрғақта жасап тастайтын затты жыбырлап жүрді неше ай бойы. Одан кейін бір келіп, шебін төседі. Енді жаңбыр жауып бастағанда шебінді 2-3 күөшеге төседі де, ары қарай қалды. Қазды, құм төседі, төсеген құмы балшқыпен иленіп, болото болып жатыр қазір. Негізі бітетін срогы декабрь деп айтты бастаған кезде. Әкімнің өзі де айтты. 23 жыл күттік қой біз. Үндемей отырдық. Енді ақша бөлінсе неге жасамайды, мен соны түсінбеймін»?!
Аудандық әкімдіктегілер тиісті жұмыстардың созылып кетуіне ауа райының күрт өзгеруімен байланыстырды.
БОЛАТ БАЙБОЗОВ МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Біздер жоспарлағанбыз егер күн жылы болса, асфальт төсеп тастаймыз деп. Аудан әкімі өз есебінде айтқан, тұрғындар біледі. Бірақ енді ауа-райы бұзылып, қар жауып, жер ылғалданып кетуіне байланысты, талапқа сәйкес болмауына байланысты тоқтатып тастады. Бірақ мында ПГС заттары, қалған материалдарын төгіп, дайындап қойып отыр мердігер мекеме. Мамыр айының соңына жоспарлап отырмыз толық аяқтауды».
Осылай деп жауап қатты атқамінерлер. Ал, тұрғындар үшін сол таңды армандай тұрудан басқа ләж жоқ әзірше.