Мектепте хиджаб киіп жүрген бірде-бір оқушы жоқ. Бүгінгі таңда мектеп формасына қатысты мәселе толық шешімін тапты. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен жиында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
Айта кетейік, жаңа оқу жылының басында Атырау облысында 150-ге жуық оқушы хиджаб пен мектеп формасына байланысты мектепке бармай дау шыққан еді. Министрлік өкілдері оқушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Жағдайды ата-аналар түсініп, қабылдады.
Қазіргі таңда мұндай сұрақтар жоқ, – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.