Сәндік-қолданбалы өнер мен музыкалық аспап жасау мамандығына оқытатын Алматы қаласында киелі шаңырақ бар. Іргесі 1956 жылы қаланған, оқу орны қабырғасындағы халық аспаптары мамандығы профессор Болат Сарыбаев пен Бейсенғали Оразбекұлының есімімен тікелей байланысты.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Қоғамға қажетті салаларға мамандарды даярлап келе жатқан оқу орнының білім саласында алар орны ерекше. Олай дейтін себебіміз студенттерді ұлттық өнерге баулып, оларды бабалар кәсібіне баулыйды. Қазақ халық музыкалық аспап жасау шеберханасына Болат Сарыбаев пен Оразғазы Бейсенбекұлының аттары берілуі тегін емес.Өйткені олар, қазақтың ұлттық құндылықтарына орасан зор еңбек сіңірген тұлғалар.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ АДИК ДИРЕКТОРЫ
Бостандық ауданының жастары жас скилс,жас шебер байқауына қатысқан болатын.Ұлттық өнер тартысында жүзден жүйрік шыққандары марапатталды. Сондай-ақ айтулы білім шаңырағына тегін оқуға жолдама берілген.
АЙГҮЛ ҚАСЫМБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Өндірістік оқыту шебері Салтанат Қадырова бүгінде халықтық кәсіпшілік бағытындағы мамандар даярлайтын бірден-бір колледждің түлектері республикада жоғары сұранысқа ие екендігін айтады. Кез келген кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өткен студент өз қалауынша сол кәсіпорында ары қарай жұмысын жалғастыра алады.
САЛТАНАТ ҚАДЫРОВА ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ
Қолынан өнері тамған студенттер қолөнер шеберлері конкурстарының жеңімпазы. Ал өндіріс барысында жасалған музыкалық аспаптар колледж оркестрі, сондай-ақ көрме залының көркіне айналған. Талапты да, талантты балалар үш курста үш топта білім алады.
САЛТАНАТ ҚАДЫРОВА ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ