"
Бүгін Алматыда «Науаи мен Абай: жалпыадамзаттық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс шараның басты мақсаты – Науаи мен Абайдың бай мұрасы арқылы қазіргі қоғам дамуының рухани, тарихи және философиялық негіздерін насихаттау.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының достығы - шынайы тату көршілік пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі. Халықаралық форум аясында Абай атындағы ҚазҰПУде Өзбекстанның ғұлама ғалымы Әлішер Науаиға арналған орталық кабинеттің тұсауы кесілді.
БОЛАТ АНАПИЯҰЛЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Қазіргі таңда біз Өзбекстан Республикасы ЖОО, оның ішінде Науаи Педагогикалық Институты, Самарқанд Мемлекеттік Университетімен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Жақында ғана Самарқанд Университетінде Абай орталығы ашылған болатын. Енді, Науаи институтында ашу жоспарда бар. Жалпы ӨР өте тығыз байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз».
Аталған білім ордасының тікелей бастамасымен ұйымдастырылып отырған халықаралық форумға қатысқан Өзбекстан ЖОО ғалымдары мен беделгі өкілдері Қазақстанда осындай орталықтың ашылғанына өз ризашылықтарын айтып, екі ел арасындағы тікелей сабақтастық пен қарым қатынасымыздың нығая беруіне жылы лебіздерін білдірді.
ӨСЕРБАЙ ӘЛІМХАНҰЛЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАШКЕНТ ОБЛЫСЫ ШЫЖЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨЗБЕК ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ: «Әрине, біздің Өзбекстандағы ғұлама ғалымымыз Ә.Ә.Науаиға арналған кабинеттің ашылуы бұл біз үшін өте бір бақыт, қуаныш. Себебі, Өзбекстандағы ЖОО бара жатсаңыздар, ол жерде де Абай кабинеттері ашылған. Бүгін соның «Кабинетте жалпы өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ, талапкерлер енді өзбек халқының ғұлама ғалымының өмірі мен шығармашылығын, оның еңбектері, ғазалдарын, поэмаларын тереңнен танып білу керек. Осыған арнап сабақ пен арнайы пән ашса да тамаша болады».
Шара Өзбекстан Республикасындағы ЖОО ынтымақтастық орнатудағы маңызды қадам. Қазір көрші мемлекетімізде үш миллионнан астам қандасымыз өмір сүруде. Сондай ақ, жүзден аса қазақ мектептері бар. Алдағы жылдың жоспарында қандастарымыз көп шоғырланған жерлерден университет филиалдарын ашу да жоспарда бар.