"Наурыз" жаңа ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. Алайда, басында баспанасы бар азаматтар бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Сондай-ақ өтініш берушінің "Отбасы банк" жинақ шотында кем дегенде 1 млн теңге қаражаты болу керек. Айта кетейік, 10 мамырдағы жағдай бойынша 17 432 қазақстандық өтініш берген. Оның 8 945 өтініші қабылданды, олардың жартысы тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінен түскен. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.Барлық өтініш берген азаматтың 62%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас өтініш берген азамат Түркістан облысының тұрғыны. Оның жасы 18-де. Ал, "Отау" бағдарламасына өтінім қабылдау аяқталған. Жақын күндері конкурстан өткендерге смс-хабарлама жіберіледі. Биыл осы екі мемлекеттік бағдарлама аясында 20 мың қазақстандық баспаналы болады.
ЖАНСҰЛТАН МАТАЙ «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛДЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
"Алғашқы жарна 20%-дан басталады. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме - 7%, азаматтардың барлық санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме - 9% құрайды, несие мерзімі - 19 жылға дейін. «Наурыз» бағдарламасы аясында тұрғын үйді алғашқы нарықтан, сондай-ақ моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде екінші нарықтан сатып алуға болады. Заемның ең жоғарғы мөлшері: Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін".