Алматыда 20 жылға жуық үзілістен кейін Оқушылар сарайында обсерватория өз жұмысын бастады. Жаңа, жоғары технологиялық обсерваторияда зерттеушілер мен астрономия әуесқойларына ғарыш құпияларын теңдесі жоқ дәлдікпен және егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретін төрт заманауи телескоптармен жабдықталған.
Обсерватория жас алматылықтар үшін зерттеулер жүргізетін, планеталар мен галактикаларды іздейтін, ғарыш саласындағы жаңа жаңалықтар ашатын орынға айналды. Мәселен, жетінші сынып оқушы Әбілқайыр Чапаев күн сәулесі жерге қаншалықты зиян келтіретін зерттеп көрді. Нәтижиесінде бірегей жоба ойлап тапты.
ӘБІЛҚАЙЫР ЧАПАЕВ ЖОБА АВТОРЫ: «Мен күн сәулесі де жер сілкінісін тудыратынын анықтадым. Зерттеулерім көрсеткендей, тиктоникалық жарықтарға күн сәулесі тікелей түскен кезде жер тербеледі. Бұл жобаны Мемлекет басшысы алдында да қорғадық. Мен осы жердегі жетекшілеріммен бірге арқы қарай зерттейтін боламын».
Ғылыми-техникалық бөлім обсерваториясының меңгерушісі Ақсұңқар Мұхамедиярұлының айтуынша, төрт телескоптың үшеуі – жұлдыздардың, планеталардың және галактикалардың анық және жарқын кескіндерін қамтамасыз ететін түнгі бақылауларға арналған.
АҚСҰҢҚАР МҰХАМЕДИЯРҰЛЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ ОБСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:«Төртінші, Coronado хромосфералық телескопы, күндізгі уақытта күнді бақылау үшін арнайы әзірленген, күн белсенділігі мен оның жерге тигізетін әсерін зерттеуге бірегей мүмкіндіктер береді».
Қазір мұнда 50-60 бала келеді. Олар жоба дайындап, соны қорғап, білімдерін жетілдіреді. Обсерваторияны жаңғырту – Алматы әкімдігінің бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба.