Қазір елімізде алаяқтардың арбауына түсіп жатқандар көп.Соның бірі, ауған соғысының ардагері марқұм Александр Сербин. Оған алаяқтар4 млн теңге көлемінде несие алдырған. Қарызға батып уайымға түскен ол,ақыры қайғыдан қан жұтып,мерт болды. Айта кетейік, БҚО-да 500-ге жуық факті тіркелген. Ауыз ашып қалғандардың деншілігі - қарттар.
Зымыраған заман уақытында әлеуметтік желіні әсте пайдаланып, жарнама арқылы аңқау халықты аңқитып отырғандар жетерлік. Солардың бірі ұялы байланыс операторлары. Жастардың жылымсыған сөзіне тез ілінетін қарапайым халық, заңсыз әрекеттің схемасын білмегендіктен көп жағдайда сан соғып қалуда. Жыл басынан бері облыс аумағы бойынша 26 қылмыстық іс тіркелген. Бірақ, бұл өткен жылға қарағанда 16 пайызға төмендеген.
ДАРХАН ҚҰРМАТОВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әккілердің қоңырауынан қолы қалтырап, ауруы асқынып, мерт болған ауған соғысының ардагері Александр Сербиннің ажалы да осы жағдайдан болған. Ардагердің атынан алаяқтың жолмен 3 бірдей банктен 4 млн теңгеге несие рәсімделген.
РАХИМБЕРЛІ ӘБДІКӘРІМОВ ҚР ЧЕРНОБЫЛЬ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ СОҒЫС-ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА ҚАТЫСУШЫ АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
"Александр Сербин өте белсенді азамат болатын. Адамдарға сенім артатын. Өмірінің соңғы күндері алаяқтық әрекетті әшкерелеумен өтті. Бірақ мардымды жауап, айтарлықтай қолдау жасалған жоқ. Қазіргі күні замандасымыздың атында миллиондаған қарыз тұр. Қандай әрекет жасарымызды білмейміз? Бұл жерде банк қызметкерлерінің де кінәсі бар деп ойлаймыз. Егде жастағы адам өз аяғымен бөлімшеге келмесе, өздігінен қалай жасайды? Алаяқтар міндетті түрде жазалануы тиіс".
Құлағдар болған ардагерлер жылдам іске көшіп, тиісті орындарға шағымданып, алдын ала қамдануда. "Киберпол" киберқылмыспен күрес тобы осы жөнінде істі қозғауда жұмыс жасауда. Мамандар тұрғындарға алақтардың қолдағыны алып, ауыздағы жұлып кетпес үшін сенімсіз номерлерден шалынған қоңырауларға жауап бермеуді, сөйлесу барысында шектен тыс сұрақтар болса дереу әңгімелесуді тоқтату керектігін ескертеді.