"

Орал қаласында лотерея клубынан жалған ақша айналымы анықталды. БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Полиция Департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасымен бірлесіп аталмыш қылмыстық істі ашты. Бір топ қала тұрғыны 25 000 АҚШ долларын және 10 000 мың еуро сомасында жалған валюта сатқаны үшін күдікке ілінді. Ақша лотерея клубында анықталып, дереу 1 адам қамауға алынған.

АЙДАРБЕК ҚАДІРҰЛЫ БҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:  «БҚО-ның тұрғындары алдын ала сөз байласу арқылы Орал қаласының аумағында щетел валюталарының жалған  ақшаларын дайындап өткізенін анықтады. Мәселен осы жылдың қазан айында заңды ойын-сауық кешенінде бір топ азаматтар әртүрлі ойындарға ставкалар жүзеге асыру арқылы жалған шетелдік валюталарды кассаға тапсырып кейін ұтыстар немесе шоттардан 25 мың АҚШ доллар алған. Осы іс бойынша бір адам қамауға алдынды. ҚР 201-бабына сәйкес өзге де мәліметер жария етуге жатпайды».