2026 жылғы 11 қыркүйек күні Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «№207 мектеп-лицей» КММ-де отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақ санасына сіңіру мақсатында «Отбасы дәстүрлері» онлайн-марафоны ұйымдастырылды.

Марафонның негізгі мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.

Шара барысында оқушылар мен ата-аналар өз отбасыларында қалыптасқан тағылымды дәстүрлерімен бөлісіп, отбасы үшін маңызды құндылықтар мен әдет-ғұрыптарды таныстырды. Бейнероликтерде отбасындағы үлкенге құрмет, кішіге ізет, ұлттық салт-дәстүрге деген құрмет, бірлік пен өзара қолдау сынды асыл қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Онлайн-марафонға ата-аналар белсенді қатысып, өз отбасыларының ерекше дәстүрлерін көпшілікке ұсынды. Әр бейнероликтен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, қамқорлығы мен сыйластығы айқын байқалды. Бұл – бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің алатын орны ерекше екенін тағы бір мәрте көрсетті.

«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» деген ұстанымды негізге алған іс-шара ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Марафон барысында оқушылар мен ата-аналар өздерінің отбасылық дәстүрлері, қызықты сәттері мен бірге өткізетін уақыттары туралы бейнероликтерін ұсынды.

4 «А» сыныбы «Отбасылық бақыттың жарқын сәттері» номинациясымен, 5 "Е" сыныбы  «Ең үздік отбасылық дәстүр» номинациясымен, 9 "Ж" сыныбы   «Отбасылық құндылықтарды үздік насихаттаған отбасы» номинациясымен,    5"Е" сыныбы «Шығармашыл отбасы» номинациясымен, 10"Г" «Үздік режиссерлік шешім» номинациясымен марапатталды.

Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, отбасын қадірлеу және Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыруға жол ашылады.

Отбасы берік болса – қоғам да берік! Отбасылық дәстүр – ұрпаққа қалатын асыл мұра!