Панама жағалауында босқындар мінген қайық апатқа ұшырады. Апат салдарынан зардап шеккендер де бар көрінеді. Мәйіттер Колумбия шекарасына жақын сулардан және Дариен Гап деп аталатын жерден табылды.
РУБЕН МУРЕНО ШЕКАРАШЫ: «Таң атқанда қайық ауа райының қолайсыздығынан елге жақындағанда суға батып кетті. Контрабандистер күдікті мигранттарды Каррето қауымдастығына апара жатқан болатын».
Қайықта барлығы 25 адам болған. Батып кеткен төрт адамның денесі судан жағаға шығарылды. Мәйіттер әр жерден табылған. Тағы 7 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
ХОРХЕ ГОБЕА, ПАНАМА ҰЛТТЫҚ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Ертең біз жоғалған екі адамның денесін іздеуді жалғастырамыз. Мигранттардың көпшілігі Ауғанстан азаматтары болды».
Соңғы жылдары АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы босқындардың саны күрт көбейген. Себебі, адамдар өз елдеріндегі кедейлік пен зорлық-зомбылықтан қашып жатыр. Сондай-ақ, АҚШ-тың Мексикамен шекарасында, Сан-Диего мен Тихуана арасында американдық тарап жаңа, биік металлдан қоршау салуда. Ол 10 метр биіктікте және Мексикаға бағытталған металл қаңылтырлармен қорғалатын болады.