Париждегі көптеген туристердің көңілі қалды.Қыдыруға барған олардың басым бөлігі Францияның басты көрікті жерлерімен қыдыра алмады.Оған себеп, ел ішіндегі ереуіл.
НЕЛЬСОН НАВАРРО ТУРИСТ: "Жолдарл жабық. Ереуіл деп айтылады. Өте өкінішті, өйткені біз үш күнге ғана келдік".
ВИТО САНТОС ТУРИСТ: "біз бұл жерге 15 жылдан кейін келіп тұрмыз.Елдегі ереуілдің салдарынан қаланы дұрыстап аралаудан қалдық.Өкінішті».
Эйфель мұнарасының жұмысшылары Париж мэриясынан қаржылық басқаруды қайта қарауды талап етеді. Олардың айтуынша, ол биылғы Олимпиада ойындарына жоспарланған техникалық қызмет көрсету құнын төмендетеді.
ЭСЕКИЕЛ СОФИЯ ТУРИСТ: "Адамдар наразылық білдіруге құқылы және олар жасауға тиіс. Жергілікті билік,халықтың мұңына назар аударуы керек. Бұл бүкіл әлемде болып жатыр – бұл жерде ғана емес".
Эйфель мұнарасы жыл сайын алты миллионға жуық келушілерді қабылдайды. Бұл Франция астанасы мен әлемдегі ең көп баратын ескерткіштердің бірі.