"
Педагогтар әулетін дәріптеу арқылы осы салаға жаңадан қадам басқан жастарды қанаттандыра аламыз. Яғни ұстаз деген ұлы мамандықтың қадір-қасиетіне, Ахмет Байтұрсыновтардың өсиетіне мән береміз деген сөз.Дәл осы тақырыпты қолға алған шараға назар аударсақ.
Келешек ұстаздармен кездесуге арнайы келген Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері атанған Аягүл Миразова, Педагогтар династиясының өкілдері Кенжеевтер мен Ташиевтер отбасы жастарға қай қырынан алып қарасақта үлгі болмақ. Олардың өнегелі өмірі,студенттерге жігер беріп, мамандығына мақтанышпен қаратпақ. Бүгінгі бас қосудың негізгі мәні де осында.
АЯГҮЛ МИРАЗОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ
Мұндай кездесулер қоғамдағы мұғалім мәртебесін көтеру, мамандыққа таңдау жасайтын жастардың көбеюіне ықпалын тигізбек. Бүл бағытта тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отырған ұстаздардың ұстаханасына айналған №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжін ауыз толтырып айтуға болады.
ГҮЛЖАН КЕНЖЕЕВА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
МАҒИШАТ ТАСҚАЛИҚЫЗЫ №1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ ГПК ДИРЕКТОРЫ