Петропавл қаласының бірнеше мектебіне шабуылдаймыз деп әлеуметтік желіде жазба қалдырғандарды іздестіріп жатыр. Терроризм актісі туралы жалған хабарламалардың таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 
Айта кетейік өткен аптаның соңында әлеуметтік желіде 19-шы ақпан күні Петропавлдағы № 13,32,4,10,23,9 мектептер және Бэст гимназиясына шабуылдаймыз деген жазба тараған болатын. Белгісіз біреулер мектептерге қару-жарақ әкеліп, қантөгіс ұйымдастырамыз деп қорқытқан. Полиция департаменті жазба иелерін әзірге тапқан жоқ, оқу орындарындағы күзетті күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамсыз ету шараларын қабылдады.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ  СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
«Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Петропавл қаласының мектептеріндегі терроризм актісі туралы жалған хабарлауға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамассыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қабылданды. Облыс орталығындағы барлық оқу орнындарында жеке құрамның күшетері бөліп бекітілді. Халықты осындай үрейлі хабарларға берілмеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз». 

Бүгін 102 арнасына көшеде қолына мылтық тәрізді зат ұстаған баланың кетіп бара жатқаны туралы хабарлама түсті. Көп ұзамай полицейлер жасөспірімді ұстады. Баланың қолындағы қару ойыншық болып шықты.