Қызылордалық жүргізушілердің Грузиялық нөмірлері бар автокөліктерімізді жаппай қамап жатыр деген өзекті мәселесіне қатысты ОПД өкілдері арнайы баспасөз конференциясын өткізді. Басқосуда аталған проблеманың ақ-қарасы ажыратылды.
Мына ағылған жұрт Грузиядан арнайы автокөлік сатып алып келгендер. Айтар базыналары: полицейлер өзге елдің нөмірі бар теміртұлпарларды жаппай айып тұрағына қамауы.
НҰРБОЛ ДОСБОЛОВ АВТОКӨЛІК ИЕСІ
Бұл мәселеге қатысты құзырлы органдар заң аясында жауап берді. Айтуларынша, автокөлікті кедендік рәсімдеу үшін, ол экологиялық санатқа, «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс. Бұл процеске ең алдымен автокөлікті кедендік рәсімдеуден өткізу барысында құжаттарды жинақтау қажет. Техниканы рәсімдеу барысы үш кезеңнен тұрады. Бірінші сатып алу келісім шарты, екінші көліктің ілеспе құжаттары, транзиттік декларациясын алу және автокөлікті сәйкестендіру сертификаты.
БАҚТИЯРОВ НҰРКЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘП БАСҚАРМАСЫ ПРОЦЕСИНГТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2014 жылғы Жол жүрісі туралы заңының 66-бабына сәйкес, көлік құралдары иелерінің құқықтары мен міндеттері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында механикалық көлік құралдарын сатып алғаннан немесе жеке пайдалану, ішкі тұтыну үшін көлікті кедендік аймақтан шығарғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеу міндеттелген. Республика аумағында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ немесе пайдалануға тиым салынғаннан кейін белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралдарын басқарған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады дейді мамандар.