Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, көктемгі дала жұмыстарының барысын тексерді. Сапар аясында Үкімет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов аймақтағы көктемгі егіс жұмыстарының қарқыны туралы баяндады. Еліміздің ең ірі астықты өңірі биыл 5,1 млн гектар алқаптан өнім алады, оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4,2 млн гектарға егіледі деп жоспарлануда. Айта кету керек, әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдардың, әлеуметтік маңызы бар және жемшөп дақылдарының үлесі де артып келеді. Биыл фермерлер минералды тыңайтқыштарды енгізудің көлемін 1,3 есеге— 337,6 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 91,5 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,2 есе көп.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: "Дихандар өз күштерін салып Мемлекетпен бірлесіп жақсы нәтиже береді деп сенеміз. Көктемгі егіс жұмыстары сәтті өтмін бәрі. Ауыл шаруашылығна бар мүмкіндігімізше қолдау көрсетеміз. Биыл да келесі жылы да осындай қолдау болады. Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Президенттің Торғай өңірне көзқарасы ерекше. Өздеріңзі білетіндей, үлкен жол салына бастайды. Биыл көлік министрлігіне тапсырма бердім. Биыл салына бастайды".