Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап,су ағатын арықтарды ашып, көктемнің көркін кіргізген.Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміз бойынша Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бастау алды.Аталмыш шараға Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданының халқы да ерекше ықыласпен ат салысты. Жергілікті тұрғындар мен қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері аймаққа қарасты барлық ауылдардағы  белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуді қолға алды.

АҚЖОЛ ТАШКЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ