Елімізде кенжелеп тұрған саланың бірі – жеңіл өнеркәсіп. Аты жеңіл болғанымен жолы ауыр. Жергілікті тауар өндірушілер әзірге бұл салаға қызығар емес. Қызыққан күннің өзінде отандық өнімге сұраныс не қаражаттың болмауы салдарынан қажетті технология кешеуілдеп тұр. Айтулы жағдайға алаңдаушылық білдірген сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Үкімет басшысына депутаттық сауалын жолдады.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ