Соңғы уақытта киберқылмыс, соның ішінде интернет пайдаланушыларға қарсы алаяқтық жағдайлары жиілеген. Интернет қарақшының қармағына ілінгендер бұл кеселден қалай арылады. Осы мәселеге қатысты қаржылық мониторинг агенттігі Қызылордада халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «АФМ онлайн 2024» республикалық іс-шарасын ұйымдастырды. 

Бөтен адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп, құрбандары көбейген. Бүгінгі форумда қатысушылар үшін қаржылық сауаттылық, қаржы пирамидаларының белгілері, инфоцыгандар мен алаяқтардан қорғану тақырыбында пікірлер айтылды.  
 
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ 

Алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.Көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды. Хабарласқан қарақшы өз құрбаны жайлы барлық ақпаратты біледі. Форум университет студенттерінің сауаттылығын арттыруда үлкен пайдасын тигізбек. 

ТЕМІРЛАН АБЖАНОВ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Былтыр елімізде 5 мыңға жуық интернет алаяқтық жасалған.Алайда пирамида секілді пысақайлардың  арбауына алданып қалмас үшін адамға қандай қасиет керек.Құрықтың қармағынан құтылып шыққан адамдардың пікірін білген едік.

БАҒЛАН ӘБДІРАЙЫМОВ ӘНШІ, ПРОДЮСЕР

Құзырлы органдар қарапайым қауіпсіздік шараларына зер салуды ұсынды. Тосынан келген хабарламаларға жауап бермеу, тез баю немесе қомақты қаржы ұтыстарына қатыспауға шақырады.