Талдықорғанда қарашадан бері мектепке бармай, із-түзсіз кеткен 14 жасар қыз әлі табылған жоқ. Полиция осыған байланысты күдікті ретінде қыздың туған анасы мен оның өгей әкесін ұсталып, қамауға алды.Ведомство қандай баппен іс қозғалғанын, күдіктілер қызды өлтірді ме, әлде басқа қылмыс жасады ма — ол жағын нақтылаған жоқ. Айта кетейік, мұның алдында қыздың өгей әкесі видео түсіріп, полиция әйелін ұстап әкетіп, ұрып-соққанын, рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданғанын айтқан еді. Полиция күдіктілерге заңсыз тергеу әдістері жасалмағанын хабарлады.
РУСЛАН ЧАРАПИЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген. Іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында».
Еске сала кетейік, 28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа келмеген 14 жасар оқушы туралы шағым түскен.