Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында балаларға арналған “Нұр” өнер-сауықтыру мектебі ашылды. Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.
Талғар ауданының Белбұлақ ауылында бой көтерген мектепті тыныстыру салтанатына Respublica партиясының Алматы облыстық филиалы, Алматы облыстық білім, мәдениет, спорт және дене шынықтыру басқармаларының басшылары, облыстық Мәслихат төрағасы, Талғар ауданының әкімі, Белбұлақ ауылының әкімі,тұрғындар және бірнеше қоғам қайраткері қатысты. Салтанатты шарада лента қиылып, шашу шашылды,қазақы дәстүрге сай ақ бата берілді.
ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Мектеп Алматы облыстық Мәслихатының депутаты, өнер жанашыры Гүлжан Нұрбекқызының жеке қаржысына тұрғызылды. Қос қабатты ғимарат соңғы үлгідегі техникалармен, құрылғылармен, жиһаздармен жабдықталған. Өнер және сауықтыру орталығында ән-күй, би, шахмат, тоғызқұмалақ, шет тілдері үйірмелері жұмыс істейді.
ГҮЛЖАН ТУСИБИЯНОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, МЕКТЕП ЖЕТЕКШІСІ
Жаңа ашылған орталық ауыл тұрғындарының игілігі үшін қызмет атқармақ.