"
"«Көптеген туристер Гавайиді еске түсіргенде гүл алқаларын елестетеді. Аралдың тұрғындары осы гүлдерді «Лей» деп атайды. Жергілікті тұрғындардың мәденитінде бұл қонақжайлылықтың белгісі есептеледі. Келген қонақтарға деген құрметті көрсету үшін, мойынадарына «Леи» тағады
КАРВЕР УИЛСОН, ШЕБЕРХАНА ИЕСІ: «Гүлдер басқалар үшін бақыт пен қуаныш көзі, сонымен қатар маңызды оқиғаны білдіретін символ.»
Гүл алқалары мерекелер мен жерлеу кезінде жасалынады. Біреу дүниеден өткенде ол адамды лейді мұхитқа түсіру арқылы шығарып салады.
МОРИН УИЛСОН, ШЕБЕРХАНА ИЕСІ: «Негізінде гүлдерді мереке күндері сыйлайды. Көпшіліктің пікірі бойынша, адамды жерлеу мерекеге жатпайды. Бірақ та біз бұл адамның қайтыс болғанын емес, сүріп біткен өмірін тойлаймыз ғой. Сондықтан гүл сыйлау міндетті түрде қажет.»
Тамыздың басынан басталған орман өрттері Гавайи тұрғындарына көп қиыншылық әкелді. Қазіргі таңда аталмыш гүлдер, оларға трагедиялық оқиғаларды ұмытуға көмектесуде.
МОРИН УИЛСОН, ШЕБЕРХАНА ИЕСІ: «Осы трагедия мен азаптан кейін бақытты күндер келуге тиіс. Сол кездегі мейрам үшін гүлдер керек боп қалар.»
Бұрынғы заманда «лейді» Гавайи тайпаларының көсемдері киген болатын. Сол уақыттары алқаларды тістерден, шаштан, тіпті сүйектерден де істеген. Ал қазір осы құралдардың орнына гүлдер, жапырақтар, жемістер мен тұқымдарды қолданады.Айта кетейік, Гавайи аралдарында 1-ші мамырда тойланатын «лей» күні бар. Жергілікті тұрғындар осы мейрамда өздерінің ұлттық киімдерін киіп, түрлі-түсті шерулер өткізеді екен.