Көктем шығып күн ыси бастағаннан тілсіз жаудан келер қауіп те жоғарылай бастайды. Осыған орай өрт жағдайларының  алдын алу мақсатында Алматы қаласы, Түрксіб ауданының төтенше жағдай басқармасының мамандары  қауырт жұмысқа кіріскен.

Түрксіб ауданы төтенше жағдайлар басқармасы  мамандары мен жергілікті әкімшілік бірлесе отырып құрғақ шөптің жануының алдын алу және азайту жұмыстарына екі техника, 3 мотопомпа мен он жұмысшы жұмылдырған. Мамандардың айтуынша былтырғы жылы осындай құрғаған шөптің тұтануынан жеке сектордағы үйлерге қауіп төнген. Абырой болғанда төтеншеліктер тілсіз жаудың алдын алып қалған. 

ХАБИБОЛЛА ТАШПАЕВ  АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНЫ ТӨТЕНЖЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ 

Мамандар жылдағы жүргізілетін шара аясында қауіпсіздік қағидатын қатаң сақтауға шақыратын үнпарақтар таратып,түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

ХАБИБОЛЛА ТАШПАЕВ  АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНЫ ТӨТЕНЖЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ 


Жергілікті тұрғындардандан ескертпелерге қаншалықты мән беріп,қауіпсіздік шараларын сақтайтынын білген едік.

ЗАМИРА РОЗИЕВА ТҰРҒЫН
САПУРА ИМИРШАЕВА ТҰРҒЫН 

Арты өкінішке алып келетін тілсіз жаудан сақтану жұмыстары дәл осылай тұрақты жүргізіліп тұрғаны абзал.