Қазақ жұрты мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері - Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салды. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінде өткен қоштасу рәсіміне марқұмның отбасы, Парламент депутаттары, министрлер, ғалымдар мен медицина саласының өкілдері қатысты. Жиында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 
«Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың отбасы мен туыстарына. Аса көрнекті ғалым, Тағам тану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың өмірден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.Төрегелді Шарманұлы саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына, бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, дүниежүзі ұйымы ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі.Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халықымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жанатта болсын»

Айта каетейік, саналы ғұмырын отандық медицина саласының дамуына арнаған қайраткер Төрегелді Шарманов 25 мамыр күні белгілі академик өмірден озды.94жасқа қараған шағында өмірден озды.