Бас-аспазшы Шарль Гийуаның жасымық сорпасы Париждегі Олимпиада ойындарына қатысатын спортщыларға ұсынылатын тағамдардың бірі.
Күн сайын 15 мың адамға, олардың талғамы мен тәбетіне қарай тағам дайындау үшін 40 тоннаға дейін азық-түлік дайындалады. Ас мәзірі қазірдің өзінде 550 тағамды қамтиды. Гийуа Париждің солтүстігіндегі Олимпиада ауылына тәулік бойы тамақ жеткізуге жауапты болады. Ол 206 елдің қатысушыларын тамақтандыратын 300 адамнан тұратын команданы басқарады. Оның компаниясы теннистен Францияның ашық чемпионатына қатысқан ың спортшыларды және Француз ұлттық футбол институтының спортшыларын тамақпен қамтамасыз еткен.
ШАРЛЬ ГИЙУА -АСПАЗ: "2024 жылы Парижде өтетін ойындарда біз бүкіл әлемді дастархан басында қарсы аламыз, сондықтан да осындай қызмет түрімен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керемет. Әрине, қиындығы да жоқ емес. Ол спортшылар санының 15 мың болуында".
Аспаз тағамдарды дайындау кезінде қолданылатын ингредиенттердің 25% -ы жергілікті өндірістен екендігін айтты. Бұдан басқа, наубайхана ашылып, спортшылар багет жасау бойынша шеберлік сыныптарына шақырылады. Аспаз өз қызметін Олимпиада ойындарының басталуына 16 күн қалғанда, 10 шілдеде бастайды. Кейтеринг Паралимпиада аяқталғаннан кейін төрт күн өткен соң 12 қыркүйекте аяқталады. Гийуаның айтуынша, барлық қонақтарды тамақпен қамтамасыз ету үшін ауылда тәулік бойы 1000 адам жұмыс істейтін болады.
ШАРЛЬ ГИЙУА — АСПАЗ: "550 рецептіні ойлап шығара отырып, біз әртүрлі аллергиялық, этникалық, мәдени және діни айырмашылықтарды ескердік. Глютенсіз, лактозасыз және халал өнімдерді қостық. Осының бәрін Олимпиада ауылынан табасыз ".
Күн сайын спортшыларға 40-қа жуық түрлі тағам ұсынылады. Сол жерде диетологтар да жұмыс істейтін болады.