Қаржы агенттігі ескертеді: жинақтарыңызға абай болып, алақтарға алданып қалмаңыз! Кезекті рет қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды. Шымкенттің 200-ден астам тұрғыны Chia Tai Tianging (чиа тай цзинк) қаржы пирамидасына 700 млн теңгелерін салып, алданып қалған. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады. Айта кетейік, қаржы пирамидаларын құру ол қылмыстық жауапкершілік. Заң бойынша пирамида құрып, халықты алдағандардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды. Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді».