Жергілікті саябақта жүгіру денсаулыққа бірқатар пайда әкелетіні анық.Лондон университеттік колледжінің спорт институтының ғалымдары әртүрлі физикалық белсенділік жүрек жұмысына қалай әсер ететінін зерттеді.
Олар әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Ұлыбритания, Австралия, Финляндия, Дания және Нидерландыдан келген 15 000 адамның деректеріне талдау жасады. Отырықшы өмір салтын ұстанатындарға баса назар аударылды. Олар отыруға қанша уақыт жұмсайтынын, сондай-ақ қанша ұйықтайтынын және қанша уақыт жаттығу жасағанын тексерді. Зерттеу көрсеткендей, бес минуттық қалыпты белсенділік жүрек жұмысына оң әсер еткен.
ДЖО БЛОДЖЕТТ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖЕТЕКШІ АВТОРЫ: «Егер сіз отыру немесе тұрудың орнына 10 минут қозғалсаңыз, көбірек пайда аласыз. Біз әрқашан отыру, жату ең нашар әсер ететінін байқадық. Бұған теледидар көру, көлікте отыру, жұмысқа көлікпен бару, диванда жату, телефонмен уақыт өткізу және т.б.кіреді».
Сонымен бірге ғалымдар бес минуттық физикалық белсенділікті ауыстыру үшін қанша уақыт тұру керектігін анықтады.
ДЖО БЛОДЖЕТТ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖЕТЕКШІ АВТОРЫ: «Түрегеп тұрудың пайдасын алу үшін күн сайын бірнеше сағат тұрып тұру керек».
Зерттеушілердің айтуынша, кез келген әрекет пайдалы. Сонымен қатар, егер сіз күні бойы дерлік отырсаңыз, қалыпты физикалық жаттығулардан көбірек пайда алуға тырысыңыз.
ДЖО БЛОДЖЕТТ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖЕТЕКШІ АВТОРЫ: «Бұл жылдам жүру болуы мүмкін. Бұл сіздің жүрек соғу жиілігін арттыру үшін тамаша мүмкіндік. Сондықтан сыртқа шығыңыз, 20, 30, 40 минут жаяу жүріңіз. Неғұрлым көп жаттығулар жасасаңыз, соғұрлым жылдам жүрсеңіз, жүрегіңіз соғұрлым жақсы жұмыс істей бастайды».
Сонымен қатар, адамдарға қартайған сайын тепе-теңдік пен икемділікті сақтау да маңызды. Ол үшін күн сайын қарапайым жаттығуларды, мысалы еңкею, бір аяқпен тұрып, түзу сызықпен жүру керек.