"

Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты ауқымды соммаға шығынға батты. «Жау алыстан келмейді» дегендей полиция бөлімінің мамандары 10 млн теңгеге әккілік жасаған азаматтың сол кен орнында жұмыс жасайтынын анықтаған. Ол түсті металдарды ұрлаумен айналысқан.

АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Бөрлі ауданы полиция бөлімі криминалдық полициясының қызметкерлері «Қарашығанақ газ конденсаты кен орнының» қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, осы қылмысты жасаған  күдіктіні  анықтап, ұстады. Ол кен орнына қызмет көрсететін мердігерлік ұйымда жұмыс істеген Ақсай қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.Шығын көлемі шамамен 10 млн теңгеден асады. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда».

Сонымен қатар, өткен жылы қашықтағы монифольд станциясынан әртүрлі қимадағы жерге қосу кабельдері жоғала бастаған. Қазір іске қатысы бардың барлығына іздестіру жұмыстары мен тиісті шаралар қолданылуда.