"
Қызылордада бір көшенің тұрғындары әлі күнге көгілдір отынға қол жеткізе алмай келеді. Қараша мұнда газ құбырының 2012 жылы жүргізілгенін айтады. Бірақ содан бері толық аяғына жетпеген.
Берке хан көшесінде небәрі 10 шақты ғана түтін бар. Дәл осы көшенің халқы 10 жылдан асты көк отынға қол жеткізе алмай келеді. Тұрғындардың айтуынша газ 2012 жылы тартылған. Бірақ толық соңына жеткізбегеннің салдарынан мұндағылар көрші көшеден тартуға мәжбүр. Бұдан да шаршаған жұрт көк отынды күз соңына дейін берсе деген тілекте.
ДИНАРА ДӨНСЕБАЕВА БЕРКЕ ХАН ТҰЙЫҒЫ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНЫ Осы Берке хан тұрғындарының артынан сөйлеп отырмын.Осы көшеге газ берілсе екен дейміз. Келін болып түскеніме 20215 тен бастап осы газдан зардап шегіп келе жатырмыз.Көше беттен газды тартып отырмыз. Бірақ бізге күзге дейін алып тастаңдар деп жатыр. Және тек газ ғана емес жол және жарық мәселесі бар.
Көше тұрғындары қара суықта газсыз қаламызба деген уайымда. Бұл аймақта тек газ мәселесі ғана емес жол да проблема болып отыр. Мұңдағы тұрғындар 1998 жылдан бастап қоныстанған. Содан бері заманауи үлгідегі жол салынбаған. Неше жылдан бері бармаған жері, баспаған таулары қалмаған халық ендігі жерде қайда барып арызданып, жөні түзу жолды талап ететінін білмей дал.
Жеңісбек Файзуллаев қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Сол көшеге газ жүргізілген уақытта ол тұрғын үйлер болған жоқ,олар киін салынған үйлер. Біхде қазір 54 учаскінің сметалық құжаттары бар. Егер соның ішінде Берке хан көшесі бар болса биыл жасап береміз.
Қалалық әкімдікте мәселе қарауға алынғанын түсіндірді. Мәліметке сүйенсек, қазір Берке хан көшесіне қажетті қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылған. Нәтижесі алдағы уақытта шықпақ. Уақытында ақша берілсе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуші мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланады дейді қалалық бөлімнің басшысы.