Қызылорда өңіріндегі биылғы жылғы көктемгі егін егу науқанына дайындық барысы жүзеге асырылуда. Егіс көлемін өткен жылғымен салыстырғанда арттыру көзделген.Өңірдегі  ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы көлемі 187,0 мың  гектарға оның  ішінде   негізі дақыл күріш 83,9 гектарға межеленуде. Облыс бойынша 21,3 мың тонна тұқым дайындалған. Қазіргі  таңда  ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын себу дәрежесіне жеткізу үшін  зертханалық тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде.                                                         
ЕРСҰЛТАН АПЕТОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аймақта  ерте егілетін дақыл түрлерін егу жұмыстары Наурыз айының басында басталып кеткен. Ал,негізгі дақыл күрішті егу сәуір айының 3 –ші онкүндігінде басталатын  болады.