Қызылша ауруы асқынып тұр. Бүгінге дейін 13 мыңнан астам адам вирус жұқтырды десек, оның 83%-ы балалар. Әсіресе, 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер көп ауырып жатыр. Бұның алдын алудың жалғыз жолы ол –вакцинация дейді еліміздің бас дәрігері. Бүгін желіде Ажар Ғинияттың немересіне екпе ектіріп жатқан мына суреті тез тарады. Ата-аналар бұл дертке атүсті қарамаса дейді денсаулық сақтау министрі, себебі, оның соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
АЖАР ҒИНИЯТ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Вакциналау мәртебесі жоқ балаларға, инфекция ошақтарында болған ересектерге екпе егеміз. Баршаңызды аурудан сақтану үшін емханаға шақырамыз».
Айта кетейік, ми қабатының асқынуы бар адамдарға және өкпесі ауыратын жандарға бұл вирус қатты әсер етіп, тіпті көз жанарының көрмей қалуына, соқырлыққа әкелуі мүмкін.