СҚО «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 4 күн ішінде 1166 жол жүрісі қағидаларын бұзудың фактісі анықталды. Оның ішінде 18- жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Өңірде жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 21 адам зардап шеккен.
СҚО полицейлері 4 күн бойы «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шараға республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, елді мекендерде 140-тан астам автопатруль жұмылдырылды. Іс-шара барысында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда мотоциклді жүргізуші куәлігінсіз басқарған 41 жастағы ер адам ұсталды. Одан ішімдіктің иісі шыққандықтан медициналық куәландыруға жіберіліп, күдік расталды.
Мұндай жағдайда көлік басқару қайғылы аяқталуы мүмкін болғандықтан құқықбұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
АЯГӨЗ ЕСМАҒАМБЕТОВА СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ «Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында барлығы жол жүрісі қағидаларының 1166 түрлі жолда жүру ережелерін бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде көлік құралын мас күйінде көлік басқарудың 18 фактісі, жаяу жүргіншілерге қозғалыс барысында басымдылық бермеудің 33 фактісі, сондай-ақ, белбеу тағылмаған көлік құралын басқарудың 206 фактісі анықталды»
Қаңтар айынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 21 адам зардап шекті.