Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай мен газ өндіруші және экспорттаушы елдердің бірі. Елде 2030 жылға қарай мұнай өндірісі 100 млн тоннаға жеткізіледі. Бұл туралы Алматыда өткен энергетикалық жобаларды іске асырудағы халықаралық әріптестік пленарлық отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті. Министрдің сөзінше, 2023 жылы Қазақстанның мұнай өндіруі 90 миллион тоннаға жетті. Ал, өткен жылы мұнай экспорты 70,5 миллион тоннаны құрады.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ
«Қазіргі мақсат – 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына 100 миллион тоннаға (шамамен 730 миллион баррель) жеткізу. Табиғи газ өндіруге келетін болсақ, 2023 жылы бұл көрсеткіш 59,1 миллиард текше метрге жетсе, 2030 жылға қарай 90,7 миллиард текшеге арттыру көзделіп отыр»