"

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды. Жеңімпазды отандастары Алматы әуежайынан думандатып қарсы алды. 

Париж олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы бокстан ел қоржынына қола медаль сыйлаған Назым Қызайбайды Алматы әуежайында жанкүйерлері, ата-анасы, туған-туыстары мен достары осылай думандатып қарсы алды. 

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: «Жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Барлық жанкүйерлерге мың алғыс. Осы жетістік  жаттықтырушымның  арқасы. Қаншама жыл еңбек еттік. 1-2 апта демалып, іс-шараларға қатысып, содан кейін тренермен ақылдасып алға жоспар қойып алдағы жарыстарға қарай жоспарлаймыз».

Олимпиада жүлдегерімен бірге оның жеке бапкері Толқынжан Кәмеков те ұшып келді. Ол өз шәкіртінен жаңа жеңістерді күтетінін атап өтті.

ТОЛҚЫНЖАН КӘМЕКОВ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: «Қола медаль алып келдік, 4 кездесу өткіздік. Қазақстан чемпионатын ұтып, лицензия алып, олимпиадаға қатысып 4 кездесу өтікізіп 4-де ұтылып қалды. Ұтылғанда да былай ұпай санымен. 0240 Жоспарымыз бар мен ойлаймын Назым спортты қойған жоқ. Келесі Олимпиадада алтын алып келеміз».

13 жасынан бастап бокспен тұрақты түрде айналыса бастаған Назым аздаған үзілістен кейін жаттығуға қайта кіріспек.