«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызын жолға шығарды. Пойыздың сыртқы жағында ғалымның өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба қазақтың көрнекті қайраткерлерінің есімін қастерлеуге бағытталған.
«Бүгін «Нұрлы жол» вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы сапарға шықты. Қаныш Сәтпаевтың Қаныш Сәтбаевтің ғылыми қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз рәсімделді»