«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, Алматы облысында көп балалы, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың балаларына мектепке даярлық құралдары табысталды. Қайырымдылық керуенінде Respublica партиясы 30-дан астам балаға “Алаш топтамасы” деп аталатын сөмке тарту етті. 

Балалардың жүзіне қуаныш сезімі ұялаған. Оқу құралдары толы сөмкені арқалай отырып, ел ағаларына алғысын білдірді. Алаш зиялыларының қанаттары сөздері жазылған сөмкенің ішіндегі керек-жарақтар тарих пен ұлттық құндылықтардан хабар береді. Осындай топтама еліміз бойынша 1600-ден астам балаға берілген, 50 миллионан астам қаржат жұмсалған.

СЫРЫМБЕК ТАУ RESPUBLICA ПАРИЯСЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРЕҒАСЫ «Балаларға осындай  «Алаш топтамасы» деген сөмкені жасап шықтық. Бұл сөмкені жинағанда, әншейін жинай салған жоқпыз. Менің өз балаларым қандай сөмке ұстаса, халықтың балалары да сондай сөмке ұстау қажет деген шешім қабылдадым. Сондықтан 1 ай бойы дайындалдық, кейбір жоқ заттарды шетелден алдырдық. 1600 отбасының балаларына береміз деп шештік, 50 миллион теңге қаражат жұмсадық. Көпшілігін су тасқыны болған жерлерге жолдадық. Сол 1200-дей сөмке су басқан өңірлерге жіберілсе, қалғаны Алматы облысы, Жетісу облыстарын қамтыды. Біз оны неліктен айтып отырмыз. Жақсы оқыған балаларды жатаханамен де қамтимыз. Оларға жәрдемақыны да береміз. Осы істі жалғастырып, Алаштың жолын қуып келе жатқан ұрпақтар көп болсын деп, осы топтаманы “Алаш топтамасы” деп атадық». Балаларын жетектеген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ел қамын ойлайтын азаматтардың көбейгеніне риза. 

ҒАЛИЯ ЖАҚЫПБАЕВА АТА-АНА «Көп балалы ата-анамын. 4 балам бар. 3 қызым мектепте оқиды. Көмек қолын созып отырғанына қуаныштымыз. Қазақ елі үшін, Алаш жұрты үшін қол созатын азаматтар көп болсын. Сол үшін қуаныштымыз. Осындай азаматтарымыз көп болсын. Әрқашан көмек қолын созатын». 

Шара соңында мәз-мейрам болған балаларға Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылығы, баяндалды. Қайырымдылық керуені мерекелік концертпен аяқталды. Еске салайық, еліміз бойынша, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына, мүмкіндігі шектеулі оқушыға «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді.