Бұдан былай мектепке дейінгі жастағы балалар жайлы бар ақпарат қажетті мемлекеттік органдардың барлығына қолжетімді болады. Балалардың даму картасы автоматтандырылды. Ол Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған. Бұл картада әр бүлдіршіннің дамуын бақылауға және олардың бойындағы дағдылардың қаншалықты қалыптасқанын көруге мүмкіндік береді.Онда баланың дамуының барлық маңызды аспектілері көрсетілген: физикалық жағдайынан бастап коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеушілік және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларына дейінгі бар ақпарат бар. Мұндай жүйелі тәсіл бірінші кезекте сапалы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш мектепте сәтті бейімделуіне жол ашады,- дейді мамандар. Жаңа оқу жылының алдында орталық коммуникациялар қызметінде балаларды қорғауға қатысты брифинг өтті. Шара барысында төтенше жағдайлар министрлігі мен ішкі істер министрлігінің өкілдері жыл сайын ересектердің немқұрайлылығы салдарынан мыңдаған бейкүнә сәби көз жұматынын айтып, балаларды барынша қорғауға шақырды.
ЖАННА ДӘРЕНБЕКОВА ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Шомылу маусымы басталғаннан бері елде 46 бала суға батып кетті, 71 бала құтқарылды. Соңғы 10 жылда елімізде 700 бала суға кетті. Балалардың биіктіктен, оның ішінде терезеден құлауы – Қазақстандағы балалар арасындағы өлім-жітімнің маңыздылығы бойынша үшінші сыртқы себебі.Сондықтан, құрметті ата-анадар балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз».