Жапония үкіметінің мәліметі бойынша соңғы жылдары туу көрсеткіші төмендеп кеткен. Жергілікті билік ұрпақ санының азаюына қатты алаңдап отырған жайы бар.

Жапонияда демографиялық құлдырау байқалады.Бұған соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер дәлел болып отыр.

ЙОШИМАСА ХАЯШИ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ: "Туудың төмендеуі біз үшін дағдарыс. Алдағы алты жылда трендті әлі де қалпына келтіруге болады. Ал 30-шы жылдары жастар санының тез қысқаруы басталады. Менің ойымша, қазір шұғыл шаралар қабылдаудың уақыты келді".

Премьер-Министр Фумио Кисида бұл тенденцияны ел алдында тұрған ең ауыр дағдарыс деп атады. Ол отбасы институтына ерекше мән беру,кезек күттірмейтін мәселе екендігін алға тартып отыр.

ЖАПОНИЯ ТҰРҒЫНЫ: "Ата-әжелер үшін бала күтіміне көмектесу қиындай түсуде. Менің ойымша, әлеуметтік орта әйелдердің көп балалы болуына және жұмысын жалғастыруына жол бермейді".

ЖАПОНИЯ ТҰРҒЫНЫ: "Егер біз саясатты өзгертпесек және шетелден жұмысшыларды қарсы алатын жүйе жасамасақ, онда біз мәселені шеше алмаймыз".

Әлеуметтанушылардың бағалауы бойынша, Жапония халқы 2070 жылға қарай шамамен 30% - ға азаяды. Бұл ретте он тұрғынының әрбір төртеуі 65 және одан жоғары жаста болмақ.