«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікте Каспий теңізінің Маңғыстау маңындағы жағалауы 2 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.Бұл науқанға өңірдегі жас спортшылар атсалысқан.

Жағалаудағы тазалыққа қатысқан Ақшұқыр ауылының бапкерлері мен  спортшылары теңіз жағалауын арнайы таңдаған.Жиналған қоқыстың басым көпшілігі - пластикалық ыдыс пен полиэтилен қалдықтары екен.Жыл сайын ұйымдастырылатын ұжымдық шара биыл ерекше өтті.

ҚОШТАН ТЕКЕБАЕВ  АҚШҰҚЫР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: «Негізі жыл сайын балаларды демалтып  ұжымдық шаралар ұйымдастыратын едік.  Биыл оны «Таза Қазақстан» акциясымен ұштастырып жас ұрпақтың санасына мәдениетіне жас кезінде халқын сүю, еліне қызмет ету табиғатты аялау деген мақсатта жас ұрпақтың санасына құндылықтар енгізгіміз келіп сол мақсатта жасалып жатыр».

Сайын Шапағатов ауылына жақын жердегі жағалауды тазалаған спортшылар мұндағы қоқыстың көптігін айтады. Демалуға келетін тұрғындарға мекенді таза ұстауға өтініштерін жеткізді.

БИҚАЗЫ АХТАЕВ СПОРТШЫ: «Баклажка, пакеттер көп. Адамдар арттарын жинамай қалдырып кетеді соларды жақсы қылып жинадық.  Адамдардың артын тазалап. Өйткені ертең біз осы жерге өз отбасымызбен ,ағайын-туыстарымызбен келіп осы жақта демалатын болған соң бұл өзімізге де басқа адамдарға да жақсы болады. Басқа адамдарға айтар кеңесім өз артымызды жинап, қоқыстарды өзімізбен бірге алып жүріп тек теңізімізді жақсы сақтайық». 

Кішкентай спортшылар жүргізген тазалық жұмыстары барысында 2 тоннадан артық қоқыс шығарылған. Бапкерлер мен спортшылар осындай игі жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп тұрмақ ниетте.